Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚұқық

Білім күні полицейлер қаза тапқан әріптестерінің қызын мектепке қызметтік көлікпен жеткізді

Түркістан облысы ПД Патрульдік полиция батальонының бұрынғы қызметкері, қызмет бабында қайтыс болған Сарбаев Мұхтар Сапарбайұлының кенжесі Нұрсая Сапарбай Мұхтарқызы мектеп табалдырығын алғашқы рет аттап, 1-сыныпқа қабылданды.

Осыған орай, Патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары Ержан Сәбитханұлы бастаған қызметкерлер, 1-қыркүйек білім күні Нұрсая Мұхтарқызын салтанатты түрде мектепке жеткізіп, ерекше көңіл-күй сыйлады.

Сондай-ақ шарада мектеп оқушыларына жолда жүру ережелерін түсіндіруден бөлек олар аға полицейлердің автокөлігімен танысып, естелікке суретке түсті.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Түркістанда Қазақстан Республикасы судьялародағының Х спартакиадасының финалдық ойындары басталды

admin

Ұшақта заң бұзған шетелдік азамат жауапкершілікке тартылды

admin

Қазақстан халқы ассамблеясы кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

admin