Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚұқық

Полиция полковнигі оқушылардың қуанышын бірге бөлісті

1-қыркүйек Білім күнінде еліміздің барлық мектептерінде алғашқы қоңырау соғылып, «Мектебім -мейірім мекені» атты салтанатты жиын өтті.

Осы атаулы мерекеге орай Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Бағлан Айтпаев қаламыздағы №19 жалпы білім беру мекемесіне арнайы барып, мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерге сәттілік тіледі.

Мерекелік шарадан кейін мектеп басшылығымен бірлесіп сыныптарды аралап, оқушыларға оқуда озат болып, қоғамдық орындарда тәртіпті болуға шақырды.

Сонымен қатар полицей мамандар оқушыларға қауіпсіздік шараларына түсіндіре отырып, жолда жүру ережелерін де таныстырып өтті.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

 

Сәйкес жаңалықтар

ТОП-10: Қазақстандықтар ең жиі сатып алатын дәрі-дәрмек тізімі белгілі болды

admin

IT-Aiel бағдарламасы Қазақстанға 3,5 млрд теңгеден астам пайда әкелді

admin

В ТУРКИСТАНЕ НАЗНАЧЕН РУКОВОДИТЕЛЬ УПРАВЛЕНИЯ

admin