Түркістан: Өзекті мәселелерді шешу жолдары талқыланды

Қоғамдық-саяси ахуал және этносаралық тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша құрылған жұмыс тобы Жетісай мен Сарыағаш аудандарына жұмыс сапарымен барып, көшпелі мәжіліс өткізді. Жұмысшы топ құрамында облыстық прокуратура, ҰҚК, Полиция департаментінің басшылары мен өкілдері, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев, Қоғамдық даму басқармасының басшысы Аңсар Өсербаев және өзге де азаматтар болды.

Алдымен Жетісайда мәжіліс өтті. Жиында тұрақтылықты сақтау, ел бірлігін нығайту, қоғамдық-саяси ахуалды жақсарту бағытында келелі ойлар мен ұсыныстар айтылып, хаттамаға енгізілді. Сарыағашта өткен мәжілісте де ішкі саясат, өңірді идеологиялық қауіп-қатерлерден сақтау, ел арасында татулықты нығайту жөнінде проблемалар қозғалып, ұсыныстар айтылды. Жұмыс жоспарына енгізіліп, алдағы қадамдар сараланды.

Бұл мәжілістерге Жетісай, Сарыағаш, Мақтаарал, Шардара, Келес, Қазығұрт аудандарының басшылары мен құқық қорғау органдарының жетекшілері қатысты.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ