Түркістан өңірінің мемлекеттік қызметшілері тоғызқұмалақтан күміс жүлдеге қол жеткізді

  Қызылжар өңірінде Мемлекеттік қызметшілер арасындағы республикалық спартакиада аяқталды. Дүбірлі дода тоғызқұмалақ бәсекесімен түйінделді. Бұл сында Түркістан облысының мемлекеттік қызметшілері командалық есепте екінші орынға ие болды. Команда құрамында Түркістан облысы әкімі аппараты баспасөз қызметінің бас маманы Ғабит Сапарбеков, Төлеби ауданы, Кемеқалған ауыл округі әкімі аппаратының бас маманы Дулат Сапарбеков және Түлкібас ауданы, Түлкібас кенті әкімі аппаратының бас маманы Гүлнар Бердібекова шеберліктерін көрсетті. Осы бәсекеде жекелей сында екінші тақтада Ғ. Сапарбеков барлық қарсыласын жеңіп, чемпион атанды. Жалпы спартакиадада Түркістан өрендері бильярдтан — алтын, волейбол мен тоғызқұмалақтан күміс медаль еншіледі.

  В Кызылжаре завершилась республиканская спартакиада среди государственных служащих. Госслужащие Туркестанской области заняли второе место в командном зачете. Команду нашей области по тогызкумалаку представляли главный специалист пресс-службы аппарата акима Туркестанской области Габит Сапарбеков, главный специалист аппарата акима сельского округа Кемекалган Толебийского района Дулат Сапарбеков и главный специалист аппарата акима поселка Тюлькубас Тюлькубасского района Гульнара Бердибекова. В личном зачете на второй доске Габит Сапарбеков обыграл всех соперников и стал чемпионом. В общей спартакиаде представители Туркестанской области завоевали золото по бильярду, серебро по волейболу и тогызкумалак.

Дереккөзі: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ