Түркістан облысының тұрғынынан 1 келіден астам марихуана тәркіленді
“Қарасора-2023” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында, Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі заттарын заңсыз сақтау фактісін анықтады.
Наақтырақ айтсақ, жедел уәкілдер облыс орталығы көшелерінің бірінен аса ірі мөлшерде есірткі сақтады деген күдікпен Түркістан қаласының тұрғынын анықтап, ұстады.
Тексеру кезінде жедел уәкілдер күдіктіден есірткіге ұқсас өсімдік тектес заттары бар 6 полиэтилен пакет пен 1 қағаз орама тауып, тәркіледі. Заттай дәлелдемелер сараптамаға жіберілді.
Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген есірткі заттары жалпы салмағы 1 келіден асатын “кептірілген марихуана” болып табылады.
Бұл факт ҚР ҚК 296-бабының 4-бөлігі “Өткізу мақсатынсыз есірткі заттарымен, психотроптық заттармен, олардың аналогтарымен заңсыз жұмыс істеу” бойынша СДТБТ-да тіркелді.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды. Болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі