Түркістан облысының белсенді жастары «ENBEK» лагерінде бас қосты

Сарыағаш ауданында 25-26 қараша күндері облыстың белсенді жастары «Enbek» лагерінде бас қосты. Түркістан облысының 5 жылдығына орай өткен жиынның мақсаты – білімді, әрі белсенді жастардың шығармашылығын шыңдай отырып, жеке тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасау.

Қатысушылар алғашқы күні «Спорт бізді біріктіреді» атты тақырып аясында кіші футбол, волейбол, шахмат спорт түрлерінен және интеллектуалды сайысқа  түсті. Лагердің екінші күнінде жастар «Мен жасаған игі іс!» атты тақырыпта тазалық акциясына қатысып, «Иса ата» кесенесіне зиярат жасады. Сонымен қатар, Құркелес ауылдық округі, Келес елді мекенінде орналасқан жылыжайдың тыныс-тіршілігімен де танысты.

Жарыс қорытындысына сәйкес, I-орын 1 000 000 теңге жүлдені «Texas» командасы (Жайдарманшылар) алса, II-орын «Достар» командасына (Түркістан, Арыс, Кентау, Сауран, Қазығұрт) – 750 000 теңге,  III-орын «Алаш» командасына (Мақтаарал, Жетісай, Сайрам, Отырар, Бәйдібек) – 500 000 теңге бұйырды. Шара елімізге танымал өнер жұлдыздарының қатысуымен өткен «Жастармен бірге» атты гала-концертпен қорытындыланды.

ПІКІР ЖАЗУ