Түркістан облысының Арыс аудандық сотында жаңа судья тағайындалды

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың 04 қыркүйек 2024 жылғы № 638 санды Жарлығына сай, Аяпов Сәбит Әкімұлы Түркістан облысы Арыс аудандық сотының судьясы қызметіне тағайындалды.

Жаңа судьяны таныстыруға арналған іс-шара Арыс аудандық сотының ғимаратында өткізілді.

Аталған іс-шараға Арыс ауданының әкімінің орынбасары және мемлекеттік құқық қорғау органдарының басшылары, жеке сот орындаушылар,  жергілікті телеарна тілшілері,  адвокаттар мен заңгерлер қатысты.

Аяпов Сәбит Әкімұлы, 01 маусым 1987 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

2008 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін, 2010 жылы Қарағанды экономикалық университеті, 2019 жылы ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясысын бітірген.

Еңбек жолын Ақмола облысында қаржы полициясының инспекторынан бастап, одан кейін «Мерей» ЖШС-нің заңгері,  ҚР Президентінің істер Басқармасының бөлім стажері, Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы аудандық сотының бас маман-сот мәжілісінің хатшысы,  Шымкент қаласы Абай аудандық сотының бас маман-сот мәжілісінің хатшысы қызметтерін атқарған.

2021 жылдың ақпан айынан Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық сотының судьясы қызметін атқарып келген.

ПІКІР ЖАЗУ