Түркістан облысында көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 2 мыңнан астам жоба қаржыландырылған

Түркістан облысында көктемгі егіс пен жиын-терім науқандарын ерте қаржыландыру жұмыстары жүйелі жүргізілді. Бұл шараларға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар аясы айтарлықтай кеңейіп, жеңілдетілген несие көлемі жыл өте ұлғайды. 2025 жылы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ тарапынан 33,2 млрд теңге қарастырылып, өткен жылмен салыстырғанда 2 есе артты.
Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қаржыландыру тікелей «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, несие серіктестері «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы және «Ырыс» МҚҰ» арқылы жүргізілуде.
Жыл басынан бері 26,9 млрд теңгені құрайтын 2500-ге жуық өтінім қабылданды. Қазіргі таңда 2277 жоба мақұлданып, 25,2 млрд теңге қаржы үлестірілді.
Бүгінде жеңілдетілген несие бағдарламасының қатысушылары өз кәсібін дөңгелетіп отыр. Жобаларға бөлінген қаражат мақсатты жұмсалып, алқаптар өнім беруде. Мұндай шаралар – ауыл экономикасының әлеуетін көтеруге, әлеуметтік жағдайын жақсартуға, егін шаруашылығын тұрақты дамытуға, азық-түлік қауіпсіздігіне және ауыл шаруашылығы секторындағы өнімділікті арттыруға үлес қосып келеді.