Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Алматыда ресейлік стримерлер 15 тәулікке қамалды

Алматыда Ресей азаматтары – танымал стримерлер Анар Абдуллаев пен Ренат Пашаев 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға тікелей эфир барысында стримерлердің қазақстандық көрермендермен сөзге келіп, қоғамдық кеңістікте әдепке жат сөздер қолдануынан кейін тіркелген. Қазақстан заңнамасына сәйкес, интернет те қоғамдық орта саналады, ал мұндай әрекеттер құқықбұзушылық ретінде бағаланып, айыппұл немесе әкімшілік қамау жазасына әкелуі мүмкін.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, құқықбұзушылыққа қатысты материалдар мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотқа жолданған. Сот шешімімен екі стример де кінәлі деп танылып, әрқайсына 15 тәулік әкімшілік қамау жазасы белгіленді.

Полиция өкілдері интернет кеңістігі заңнан тыс аймақ емес екенін атап өтіп, блогерлерді азаматтығына қарамастан, қоғамдық тәртіпті сақтауға және көпшілік алдында өзара сыйластық қағидаларын ұстануға шақырды.

Сәйкес жаңалықтар

Шымкентте қарт әжені алдап, ақшасын алған күдікті қолға түсті

admin

Түркістан: оқушылар республикалық роботтар фестивалінде жеңімпаз атанды

admin

ШЫМКЕНТ: Жеңіл өнеркәсіп өндірісіне басымдық берілуде

admin