Түркістан облысында қар құрсауында қалғандар құтқарылуда

Түркістан облысында 12.12.2023 жылы  түнгі сағат 23:40 бастап қатты жел тұрып, жолдың көрінбеуі салдарынан А-2 Алматы – Ташкент автомобиль жолының (Жаскешу,Састөбе елді мекендері) 593-654 шқ аралығындағы жолы жабылып, барлық автокөліктердің жүруіне шектеу қойылды. Қазіргі уақытта қатты боран салдарынан шектеу жалғасуда. Түлкібас ауданы, Шақпақ баба елді мекенінде 50-ге жуық жүк көлігі (фура), 40-қа жуық жеңіл машина тұрып қалған. Жолды ашу, тазалау жұмыстары жалғасуда. Жолда қалған азаматтарды жергілікті әкімдік тарапынан мешіт және мәдениет үйінде ыстық тамақпен қамту ұйымдастырылуда.

Шымкент қаласы мен Жамбыл облысы шекарасына дейін 3 автогрейдер, 10 КДМ, 6 погрузчик, 37 жұмысшы, жалпы 19 арнайы техника жұмылдырылып, инертті материалдар 355 м3 КҚМ себілді. Жұмыстар жалғасуда.

13 желтоқсан сағат 21-10 бастап автокөліктің барлық түрлері үшін облыстық маңызы бар КХ-32 «Қарамұрт-Сарқырама» жолының 0-9 шқ учаскесінде (Төлеби ауданы) қозғалыс шектелді. Сонымен қатар облыстық маңызы бар КХ-144 «Қарамұрт-Сарқырама» жолының 0-6 шқ (Төлеби ауданы) учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелген.

Бәйдібек ауданында қазіргі таңда облыстық маңызы бар КХ-1 «Қошқар ата-Жарықбас-Бірлік» 0-75 шқ («Шыбықбел» асуы) және КХ-3 «Көксайек-Ақсу-Шаян- Мыңбұлақ» 117-179 шқ жол жабылып, аудандық полиция бөлімі тарапынан 3 бекетке кезекшілік қойылды. (Бірлік, Шаян, Боралдай елді мекендері тұсында)

Аудандық маңызы бар КХВК-5 КХ-5 Жаңаталап елді мекеніне кіреберіс 18 шқ және КХВК-16 КХ-3 Ақмешіт әулие үңгіріне кіреберіс 18,4 шқ автомобиль жолдары жабық.

ПІКІР ЖАЗУ