Түркістан облысында “Браконьер” жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды
Түркістан облысы аумағында 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында “Браконьер” жедел-профилактикалық іс- шарасы өткізілуде.
Шараның негізгі мақсаты – табиғатты қорғау заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу және жолын кесу, оның ішінде браконьерлік, табиғи ресурстарды заңсыз аулау және басқа да құқық бұзушылықтарды анықтау.
Сондай-ақ “Браконьер” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында тәртіп сақшылары тұрғындарға табиғатты қорғау заңнамасын бұзуға жол бермеу және табиғи ресурстарды заңсыз өндіру анықталған жағдайда әкімшілік, қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі