Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Түркістан облысында ауыл шаруашылығын зерттеу орталығы мен университетін ашу бойынша келіссөз жүргізілді

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров шетелдік инвесторлар мен ауыл шаруашылығы саласын зерттеуші ғалымдармен, профессорлармен кездесті. Кездесуде Түркістан өңірінде ауыл шаруашылығы саласын ғылыми негізде дамыту, су үнемдеу технологиялары мен топырақ құрамын зерттеу мамандарын даярлайтын ғылыми орталық құру, оны дамыта келе университет ашу мәселесі талқыланды. Өңір басшысы бұл бағыттағы бастамаларға толық қолдау болатынын жеткізді.

– Түркістан облысына қош келдіңіздер. Бүгінде өңірімізде ауқымды инвестициялық жобалар іске асырылуда. Облысты жан-жақты дамыту жұмыстары жүруде.  Биыл Түркістанда Оңтүстік Кореяның «Woosong» университетінің филиалын ашу жоспарланып отыр. ІТ мамандары даярланады. Дегенмен Түркістан өңірі ауыл шаруашылығы бойынша елімізде бірінші орында тұр. Сондықтан осы саланы терең зерттейтін әрі ауыл шаруашылығы, су, жер өңдеу, өсімдіктердің сапалы тұқымдарын әзірлейтін мамандар даярлайтын ғылыми орталық, лаборотория, университет ашуға мүдделіміз. Осы бағыттағы ұсыныстарды қабылдаймыз және қолдау көрсетеміз. Ол зерттеу орталығы тек Түркістан облысына ғана емес, өзге өңірлерге де мамандар даярлауға үлес қосады. Ұсыныстарға ашықпыз, – деді Нұралхан Көшеров.

ҚХР-дың Пекин ауыл шаруашылығы  университетінің вице-президенті әрі профессоры Ду Тайшэн Түркістан облысының ауыл шаруашылығындағы әлеуеті өте жоғары екеніне тоқталды. Осындағы мақта шаруашылығына қатысты инвестициялық жобалар жүзеге асып жатқан аймақты зерделеп, су үнемдеу технологиясын енгізу жолдарын жандандыру, суды тиімді пайдалану, топырақ құнарын зерттеуге қолдау көрсетуге дайын екендерін жеткізді. Осы бағытта жұмыстар басталуда. Мамандар әзірлеуге, зерттеуге көмек көрсетіледі.

Ал арнайы ғылыми орталық пен университет ашу мәселесі мемлекетаралық деңгейде шешілетін мәселе екеніне тоқталған ол, бұл ұсыныстар зерделенетінін атап өтті.

Сәйкес жаңалықтар

Сахарада қар жауды: Әлемдегі ең ыстық шөл әп-сәтте аппақ қарға оранды

admin

Бүгіннен бастап кедейлік шегі халықтың медиандық кірісінен айқындалады

admin

Tourism in Dubai is booming the tourist most visited

admin_bainews