Түркістан облысында аудан әкімдерінің сайлауы өтіп жатыр

Бүгін Түркістан облысында алғаш рет пилоттық жобамен Созақ, Бәйдібек, Мақтаарал және Шардара аудандарында әкім сайлауы өтуде.

Аудандардағы сайлау учаскелерінде таңғы сағат 7:00-де еліміздің Әнұраны шырқалып, сайлау науқаны басталып кетті. Дауыс берушілердің белсендігі жоғары. Учаскелер алғашқы келушілерге естелік сыйлықтар табыс етуде. Аудандардағы сайлау учаскелерінде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың дауыс беруіне барлық жағдай жасалған.

Айта кетейік, Бәйдібек ауданында 28 807 сайлаушы болса, 50 сайлау учаскесі, Мақтаарал ауданында 70 648 сайлаушы, 63 сайлау учаскесі бар. Ал Созақ ауданында 35 715 саулаушы, 39 сайлау учаскесі, Шардара ауданында 44 109 сайлаушы, 33 сайлау учаскесі бар.

Бүгін Бәйдібек ауданында алғаш рет пилоттық жобамен аудан әкімінің сайлауы өтуде. Аудандағы 50 сайлау учаскесіндегі жалпы саны 268 сайлау комиссиясының мүшелері таңғы сағат 7.00-де өз жұмыстарын бастап кетті. Бәйдібек ауданындағы 28 807 сайлаушы өз дауыстарын таңдаған үміткеріне бергелі отыр.

Таңғы 7-ден бастап аудан тұрғындарының сайлауға дауыс беруге келуі жоғары деңгейде. Бірінші дауыс беруге келгендерге естелік сыйлықтар табыс етілуде.

Аудандағы 50 сайлау учаскесінде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлауға байланысты толық мәлімет алуға болатын арнайы бұрыш жасақталып, үстел шамдарымен, компьютермен, құлақаспаптармен, ұлғайтқыштармен және зағип азаматтар үшін брайль алфавитімен қамтылып, тактильді жолақ орнатылған.

ПІКІР ЖАЗУ