Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Түркістан облысында аудан әкімдерінің сайлауында халықтың белсенділігі жоғары

Бүгін Түркістан облысында төрт ауданда әкім сайлауы өтіп жатыр. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған пилоттық негіздегі сайлау былтыр ауыл әкімдері арасында өтсе, биыл аудан басшыларын халық сайлауда. Күнгей өңірдегі науқанда дауыс берушілердің белсенділігі жоғары. Олардың қатарында ғасыр жасаған қариялар мен ең алғаш рет дауыс берген азаматтар да бар.

Бүгін республикамыз бойынша 45 аудан-қала әкімдерінің сайлауы өтіп жатыр. Оның қатарында Түркістан облысында Созақ, Бәйдібек, Мақтаарал және Шардара аудандары бар. Төрт аудандағы жалпы 185 сайлау учаскесі таңғы сағат 7:00-ден өз жұмыстарын бастап кетті. Барлық сайлау орындары материалдық-техникалық жабдықтармен толық қамтамасыз етіліп, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға да жағдай жасалған. Учаскелерде тәуелсіз бақылаушылар мен еріктілер белсенді жұмыс атқаруда.

Айта кетейік, төрт аудан бойынша жалпы 180 мыңға жуық дауыс беруші бар. Ал аудан әкіміне үміткерлердің саны – 12. Таңғы 07:00-ден басталған науқан кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады.

Сәйкес жаңалықтар

Қазақстанның бірнеше өңірінде заңсыз жұмыс істеп жүрген шетелдіктер анықталды

admin

Арыс қаласында “Көшпенділер ойыны” атты спорттық сайыс өтті

admin

Түркістан облысында 700 мыңнан астам азамат әлеуметтік қорғау шараларымен қамтылған

admin