Түркістан облысы Патрульдік полиция батальонының командирі тағайындалды
Түркістан облысының Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасына бағынысты Патрульдік полиция батальонының командирі болып полиция капитаны Қанат Болатұлы Баймурзин тағайындалды.
Жаңа басшыны жеке құрамға Түркістан облысының Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Қанат Ракишев таныстырды.
Қанат Баймурзин ішкі істер органдарындағы қызметін 2009 жылы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол апаттарының алдын алу саласынан бастап, осы бағытта түрлі басшылық қызметтерде абыройлы жұмыс атқарған.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі