Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Облыс орталығында ең үлкен мемлекеттік ту көтерілді

Түркістан қаласындағы «Мемлекеттік рәміздер» алаңында Республика күніне арналған салтанатты шара өтті. Жиынға облыс әкімі Дархан Сатыбалды, Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов, мемлекеттік қызметкерлер, құқық қорғау органдарының өкілдері, жастар мен қала тұрғындары қатысты. Салтанатты рәсімнің ашылуы мемлекеттік әнұран орындау мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын көтеруден басталды.

Іс-шара барысында патриоттық әндер шырқалып, өнерпаздар жиналғандарға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Елдің амандығын тілеген ардагерлеріміз ақ баталарын жаудырды.

Айта кетсек, облыс тұрғындарының мерекелік демалысында, полицейлердің алдында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, азаматтарды қорғау міндеті тұр. Сондықтан Түркістан облысының полицейлері жұртшылықтың сенімін ақтап, күшейтілген режимде қызметте болады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Премьера фильма “Стоп, ночь” в Астане

admin

Экопарк, спорт және мәдениет: Бурабай ауданы қалай дамып келеді

admin

Түркістан: 1000-ға жуық бос жұмыс орындары ұсынылды

admin