Түркістан облысы бас полицейінің жеке қабылдауына 1500-ден астам азамат жүгінді

Түркістан облысы бас полицейінің жеке қабылдауына 1500-ден астам азамат жүгінді, – деп хабарлайды Polisia.kz. Жыл басынан бастап Түркістан облысы полиция департаментінің басшылығына азаматтарды жеке қабылдауға 1500-ден астам адам түрлі сұрақтармен, шағымдармен және ұсыныстарымен жүгінді. Көптеген өтініштер қылмыстық істерді тергеуге, сонымен қатар әкімшілік және криминалды полиция, көші-қон және жергілікті полиция қызметі, кадрлық жұмыс мәселелеріне қатысты болды. 

Жеке қабылдау барысында облыстың бас полицейі Мұрат Қабденов өтініш білдірген азаматтардың сұрақтарына егжей-тегжейлі жауап беріп, әр жағдайдың мәнін мұқият зерттеп, олардың проблемаларын шешу жолдарын ұсынды. 

Бірқатар шағымдар бойынша полиция департаментінің бастығы қызмет басшыларына нақты тапсырмалар берді, ал егжей-тегжейлі талқылауды қажет ететін қалған мәселелер бойынша түпкілікті шешім қабылдау мерзімдері белгіленді. Полицейлер атап өткендей, азаматтардың шағымдарын уақтылы қарау, сондай-ақ келіп түскен сұрақтарға дер кезінде ден қою халықтың полицияға деген сенімін арттырады. Бұл бағыттағы жұмыс Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының тұрақты бақылауында.

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/turkistan-oblysy-bas-politsejining-zheke-qabyldauyna-1500-den-astam-azamat-zhugindi/

ПІКІР ЖАЗУ