Түркістан: облыс әкімі орынбасарының кезекті жеке қабылдауында мәселелер ашық айтылды

Түркістан облысында тұрғындарды жеке қабылдап, мұң-мұқтажын тыңдау жұмыстары жалғасып келеді. Бүгін «Ашық әкімдік» кеңсесінде Түркістан облысы әкімінің орынбасары Талғат Қозбеков кезекті жеке қабылдауын өткізіп, азаматтардың ұсыныс-тілектерін тыңдады.

Қабылдауға келуші азаматтар тарапынан кәсіпкерлік бағытындағы ұсыныстар мен жер мәселесі және теміржол тұйығының жұмыстары ортаға салынды. Басқа да өзекті мәселелер талқыланды. Ең алдымен жетісайлық тұрғын Асықата кентіндегі индустриалды аймағында технопарк салу жұмыстарына пікірін білдірді. Облыс әкімінің орынбасары түйткілді мұқият тыңдап, салаға жауапты мамандарға жоба схемасын қайта бақылап, қолайсыздықтарды шешуді тапсырды.

Келесі кезекте Түркістан индустриалды аймағындағы темір жол тұйығы мәселесінің шешілу жолдары талқыланды. Сонымен қатар кәсіпкерлікке қолдау көрсету бағытында өтінішін айтты.

Талғат Қозбеков қабылдауда көтерілген мәселелер мен өтініштерді зерделеп, жауапты сала басшыларына бірқатар тапсырма жүктеді. Тұрғындардың өтініші ескерусіз қалмайтынын айтты.

Айта кетейік, облыс әкімі орынбасарларының жеке қабылдауына egov.kz порталы, е-otinish бірыңғай базасы және «Ашық әкімдік» кеңсесіне келіп, жазбаша өтініш тастау арқылы жазылуға болады.