Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Түркістан: Келесте Өзбекәлі Жәнібековке ескерткіш-бюст орнатылды

Келес ауданындағы №2 Өзбекәлі Жәнібеков атындағы мектеп-гимназиясында қоғам қайраткерінің құрметіне демеушілердің қолдауымен ескерткіш-бюст орнатылды. Жиында аудандық мәслихат төрағасы Нұржан Шаулиев сөз алып,  ұлт рухын ұлықтаған ұлы тұлғаның мәдениетіміздің қайта жаңғыруына қосқан еселі еңбегін тілге тиек етті. Шараға аудандық депутаттар, мен Ө.Жәнібековтың ұрпақтары, мектеп ұжымы қатысты.

Сонымен қатар, жиылған жұртшылыққа қазақ мәдениетінде өшпес із қалдырған, ұлттық жәдігерлерді өскелең ұрпаққа аманаттаған арда азаматтың өмір жолы таныстырылды. Одан бөлек, шарада мүсінші Мерген Есжановқа алғыс айтылды. Айта кетсек, қазіргі таңда Өзбекәлі Жәнібеков атындағы білім ордасында 2 000-нан астам оқушы білім алады.

Сәйкес жаңалықтар

Түркістанда мемлекеттік қызметшілерге құрмет көрсетілді

admin

Үш жасөспірім өгей әкелерін өлтірген: Енді олар өлім жазасына кесілуі мүмкін

admin

Атырау қаласында тұрғын үйді басқару мәселелері бойынша форум өтті

admin