Түркістан қалалық орталық ауруханасы жаңа деңгейге көтерілуде

Денсаулық сақтау саласы мемлекетіміздің саясатында стратегиялық басымдықтарға ие екені белгілі. Облыс орталығында орналасқан Түркістан қалалық орталық ауруханасы бүгінде облыс бойынша медициналық қызметтер нарығында жоғары деңгейдегі ірі емдеу мекемелерінің бірі. Қазіргі уақытта ауруханада 26-дан астам құрылымдық бөлімше бар. Оның ішінде, 15 – клиникалық және 9 – параклиникалық. Орталықта халыққа хирургия, ангиохирургия, гинекология, урология, офтальмология, травматология, нейрохирургия, интервенциялық кардиология, оториноларингология, жақ-бет хирургиясы, терапия, нефрология, эндокринология, пульмонология, кардиология, неврология, ревматология бейіндері бойынша мамандандырылған шұғыл-жоспарлы стационарлық және консультациялық-диагностикалық медициналық көмек көрсетіледі.

Ауруханада білімі мен біліктілігі жоғары, тәжірибесі мол кәсіби ұжым жұмыс істеп, өңіріміздегі медицина саласының үздіксіз дамуына, заманауи жоғары технологиялық деңгейге шығуына үлес қосып келеді. Оның бір дәлелі – еліміздің жетекші жақ-бет хирургі Қанағат Қожамжаров осы мекемеде қызмет атқарады. Ол туа біткен ерін, таңдай жырығы және альвеолярлық өскіні (альвеолярный отросток) бар, сондай-ақ жол-көлік оқиғасының нәтижесінде көз, мұрын және жоғарғы жақ сүйектерінің ауыр жарақаттарымен түскен пациенттерге күрделі қалпына келтіру және пластикалық бірегей ота түрлерін орындауда. Атап айтқанда, хейлопластика, реконструктивті хейлоринопластика, уранопластика, палатопластика, анкилопластика, альвеопластика, френулопластика, остеосинтез.

ПІКІР ЖАЗУ