Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Түркістан: Бәйдібекте Астана күні аталып өтті

Бәйдібек ауданы, Шаян ауылындағы «Тәуелсіздік» алаңында Астана қаласының 25 жылдығына арналған мерекелік іс-шара өтті. Шараға қатысқан аудан әкімінің уақытша міндетін атқарушы Берік Тұрлыбеков барша аудан тұрғындарын Астананың 25 жылдық мерейтойымен құттықтады. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін бірқатар сала мамандарына аудан әкімінің алғыс хатын табыс етті.

Аудан тұрғындарына құттықтау тілегін білдірген аудандық мәслихат төрағасы Асқар Кенехан қоғамдық қызметтерде белсене атсалысып жүрген азаматтарды аудандық мәслихаттың алғыс хатымен марапаттады.

Мерекелік шарада аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары өздерінің арнайы дайындаған концерттік бағдарламасын ұсынып, «Балауса» цирк ұжымы тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Сонымен қатар шарада бүлдіршіндер алаңдағы асфальтқа түрлі түсті бояулармен Астана қаласындағы әсем ғимараттардың суреттерін салып, барша қатысушыларға арнайы алғыс хаттар табыс етілді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

«ТҰРАН СУ» мекемесі шардара ауданындағы тозығы жеткен каналдарды жөндеуден өткізуде

admin

Төлеби ауданы аумағымен өтетін автомобиль жолдарының бойында қар тоқтатқыш қоршаулар орнатылған

admin

Италиядағы әскери база: қазақстандық сарбаздар тәжірибе алмасуда

admin