Түркістан: азаматтардың өтініштері заң аясында қаралады

Түркістан өңірінде тұрғындар тарапынан түскен өтініштер кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді. Бүгін облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев кезекті рет жеке қабылдау өткізіп, азаматтардың өтініш-тілектерін тыңдады. Облыс әкімінің орынбасары халықтың өтініштерін мұқият тыңдап, барлық мәселе тек заң талаптары аясында шешілетінін атап өтті. Тұрғындар талабына қатысты жан-жақты жұмыс жүргізілетінін жеткізді.

Қабылдауға келген азаматтардың басым бөлігі  спорт және  мәдениет саласын қатысты мәселелерді көтерді. Мәселен, Түркістан қаласының азаматы онамастика мәселесі бойынша ұсынысын жеткізсе, ордабасылық тұрғын  қоғамдық бірлестіктің жұмысына қатысты ой-пікірін білдірді. Ал тағы бір тұрғын спорт саласына қолдау көрсетуді сұрады.

Ертай Кенжебекұлы жеке қабылдауға келген азаматтардың мәселесін сала мамандарымен бірге қарап, заң аясында әрекет ету туралы нақты тапсырмалар берді. Сұрақтар жан-жақты қаралып, заңдылығына қарай шешіледі.