Түркістан: 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында жергілікті соттардың сот төрелігінің кеңейтілген кеңес өткізілді

Кеңес жұмысына Түркістан облыстық соттың төрағасы А.Сұлтанов, сот алқаларының төрағалары, облыстық соттың судьялары, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары, сондай-ақ, Сот әкімшілігінің Түркістан облысы бойынша Департамент және сот Әкімшілерінің басшылары мен мамандары қатысты.

Кеңейтілген кеңес шеңберінде, облыстық соттың алқа төрағалары мен міндеттерін атқарушылары Т.Оңғарбаевтың, Н.Биболовтың, А.Байтурованың және Сот әкімшілігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы А.Апбастың аудандық соттардың материалдық-техникалық жағынан қамтылу жағдайына баяндамалары тыңдалды.

Судья А.Жаңбырбаева судьялардың іс-әрекетіне шағымдарды қарау тобының жұмыс қорытындылары жөнінде ақпаратты қатысушылардың назарына жеткізді.

Судья Әдебі жөніндегі комиссия төрағасы Т.Оңғарбаевтың атқарылған жұмысы жөнінде баяндама жасап өтті.

Жиналыс жұмысын қорытындылай келе, облыстық соттың төрағасы А.Сұлтанов сот төрелігінің сапасын жақсарту, судьялар мен кеңсе қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру, соттардың жариялылықпен ашықтығын қамтамасыз ету бағытында және ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығында атқарылуы тиіс жұмыстар бойынша нақты тапсырмалар жүктелді.

Кеңейтілген кеңес марапаттау рәсімімен жалғасып, 24 маусым – Судья және сот қызметкерлері күні кәсіби мерекесіне орай, судьялар мен сот қызметкерлері төсбелгілер, құрмет белгілері, құрмет грамоталары мен алғыс хаттары табысталды.

ПІКІР ЖАЗУ