Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Туризм саласында қонақүйлер мен демалыс орындарының табысы 268 млрд теңгені құрады

2025 жылы қонақүйлер мен демалыс базаларын қоса алғанда, орналастыру нысандарының жиынтық табысы 268 млрд теңгені құрады. Бұл туралы туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қонақүйлер мен демалыс базаларын қоса алғанда, орналастыру нысандарының жиынтық табысы 268 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 44 млрд теңгеге көп. Өсім туристер санының артуы және көрсетілетін қызметтер ауқымының кеңеюі есебінен қамтамасыз етілді, – деді вице-министр.

Оның айтуынша, жалпы алғанда 2025 жылы туризм саласына салынған инвестициялар көлемі 2024 жылмен салыстырғанда 32%-ға өсіп, 1 трлн 254 млрд теңгені құрады.

Еске салайық, бұған дейін вице-министр футбол клубтарын коммерцияландыруға салынған инвестициялар 55 млрд теңгеден асқанын айтты.

Сәйкес жаңалықтар

Алматы әкімі Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойды

admin

Алматы волонтерлері ашық аспан астында отандық фильмдердің көрсетілімін бастады

admin

Түркістанда Қазақстан халқы ассамблеясының тарихи-ағартушылық «БІР ЕЛ» жастар жобасы өтіп жатыр

admin