Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Алматы әкімі Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойды

Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында «Тәуелсіздік» монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Салтанатты рәсім қала әкімі Ерболат Досаевтың, мәслихат депутаттарының, Қоғамдық кеңес, Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің, 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларына қатысушылардың, этномәдени бірлестіктер мен жастар ұйымдары өкілдерінің қатысуымен өтті.

Іс-шараға қатысушылар метрономның үнімен Қазақстанның тәуелсіздігі жолында өз өмірлерін қиып, қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Рәсім Алматы өңірлік гарнизоны әскери-үрлемелі оркестрінің Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Әнұранын орындауымен аяқталды.

Сәйкес жаңалықтар

Атқарылар іс — аяқсыз қалмайды

admin

Мамин мен «әулеттің» кейбір мүшелерінің әрекетінен ҚТЖ 2 трлн теңге қарызға батып отыр – Құдайбергенов

admin

ШЫМКЕНТ: Ескірген аялдамаларды жаңарту жұмысы жалғасуда

admin