Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Басты жаңалықБизнесЖаңалықтарҚоғамСаясатТехнология

Туризм Алматыдағы табысты салалардың біріне айналып келеді

Алматының туристік саласы қала экономикасының негізгі қозғаушы күштерінің бірі ретіндегі позициясын нығайтып келеді. 2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша туризм саласына тартылған инвестиция көлемі 25,2 млрд теңге болды. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,8%-ға жоғары.

Инвестицияның басым бөлігі әуе жолаушылар тасымалын, ойын-сауық индустриясын, демалыс саласын және қалалық мобильділікті дамытуға бағытталған.

Туризм саласынан түсетін салық көлемі де тұрақты өсім көрсетіп отыр. 2026 жылдың алғашқы үш айында жергілікті бюджетке 22 млрд теңге салық түскен. Бұл былтырмен салыстырғанда 10%-ға артық.

Бюджетке ең көп кіріс қоғамдық тамақтану, ойын-сауық, қонақ үй қызметі және жолаушылар тасымалы салаларынан түскен.

Алматы қаласы Туризм басқармасының мәліметінше, оң динамика мегаполистің жоғары инвестициялық тартымдылығын және қаланың туристік инфрақұрылымын дамыту әлеуетінің артып келе жатқанын көрсетеді.

Сәйкес жаңалықтар

Төлеби ауданы: Сапалы жолдардың үлесі артып келеді

admin

Иновация : Шымкентте жол ақысын «Мой Beeline» ұялы қосымшасы арқылы төлеуге болады

admin

Танымал спортшы әкім болды

admin