ШЫМКЕНТ: Мәслихаттың депутаттары Қаратау ауданында атқарылып жатқан жұмыстар бойынша мониторинг жасады

Шымкент қаласы мәслихаттың депутаттары Қаратау ауданы әкімінің ағымдағы жылдағы атқарылып жатқан жұмыстары бойынша мониторинг жасады. Аудан бойынша комиссия топ жетекшісі Айжан Наймбекова мен Ғани Қанжігіт, Наргиза Керімбаева аралап шықты. Арнайы мониторинг барысы Нұрсат тұрғын алабындағы №109-117 көп қабатты үй ауласындағы көгалдандыру жұмыстарынан бастап, Қайнарбұлақ саяжайы №83 ЖОМ ашық спорт алаңшасының құрылысын, Таскен Шағынаудағы Пармен көшесінің жалғасындағы жолдың орташа жөндеу жұмыстарын жіті бақылауға алынды.
Сондай-ақ депутаттар, Қаратау ауданы бойынша орталық көшелердегі жасыл-желектерді күтіп ұстау жұмыстарын назардан тыс қалдырмай, Шара барысында тиісті құрылыс саласына жауапты мамандарға тапсырмалар берілді.
Сонымен қатар Жуырда ғана қолданысқа берілген Өтеміс тұрғын алабындағы балаларға арналған жаңа ойын алаңшасының сапасын тексеріп, бірнеше кемшіліктерді анықтап мердігер мекемеге ескерту жасап, аталған аймақтағы атқарылып жатқан жұмыстар басты назарда болатынын жеткізді.
Естеріңізге сала кетейік Шымкент қаласы бойынша депутаттар барлық аудандар бойынша арнайы мониторинг жасайтын болады.

ПІКІР ЖАЗУ