Шымкент қаласында 1886 аялдама орны бар

Шымкент қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшылығымен қалада 65 аялдама орнатылады. Оның бүгінде 43 данасы толығымен аяқталды. Ал ауыстырылған ескі үлгідегі аялдамалар қаланың шалғай елді мекендеріне орналастыру жұмыстары жүргізілуде.

Жалпы қалада 250 аялдама павильоны орнатылды. Оның 170 данасы ескі аялдаманың орнына, ал 80 данасы бос орындарға қойылуда. Айта кету керек, қала орталығынан шыққан 170 ескі аялдаманың 60%- жарамсыз, ал 40%-ы шалғай аудандардағы бос орындарға орнатуға жарайды. Қолға алынған жұмыстың нәтижесінде, 2025 жылы қала аялдама павильонымен толық қамтамасыз етілетін болады.

Шымкент қаласында 1886 аялдама орны бар. Ескірген аялдамалар орнына биыл жаңа үлгідегі 250-ін орнату көзделген болатын. Бүгінде оның 138-і қойылды.

Атап айтқанда, Сырым батыр – 17, Өтегенов -12, Бәйтереков – 2, Байтұрсынов -3, Назарбаев – 2, Айбергенов -2, Аймауытов – 10, Ақназар хан – 7, Сайрам-10, Момышұлы-9, Тәуке хан – 7, Қазыбек би -12, Елшибек батыр – 6, Жолан батыр -2, Позиков -2, Қазиев – 3, Төле би – 2, Уалиханов – 6, Иляев – 4, Әл-Фараби көшесіне 20 аялдама орнатылды. Қалған аялдамаларды орнату жұмыстары жалғасуда.

Ескі аялдамалар жалпы жөндеуден өтіп, қажеттілікке қарай қайта орнатылатын болады.

ПІКІР ЖАЗУ