Тұран шағынауданында 10 тұрғын үйдің құрылысы аяқталды
Биыл мегаполисте мемлекеттік бюджет есебінен 4090 пәтерлі 98 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын салу жоспарлануда. Оның ішінде Тұран шағын ауданында ағымдағы жылы 1112 пәтерлі 18 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Бүгін қала әкімі М.Әйтенов жауаптылармен бірге аталған шағын аудандағы құрылыс барысын қадағалады.
Жыл басынан бері Тұрандағы 540 пәтерлі 10 тұрғын үйдің құрылысы тапсырылды. Жоспар бойынша қалған 8 тұрғын үйдің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады. Сонымен қатар мұндағы 26, 25, 29, орамдардың және №3390 жер телімінің инженерлік инфрақұрылым жүйелері тартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін бұл нысандар пайдалануға тапсырылатын болады.
М.Дүйсенбекұлы жауаптыларға жұмыс қарқынын күшейтіп, сапаны бақылауды тапсырды. Сондай-ақ құрылыс мәдениетін сақтай отырып, тұрғындардың қолайлы жағдайын назарда ұстауды ескертті.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі