Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Бозарық шағынауданында 49 көпқабатты тұрғын үйге инженерлік желілер тартылуда

Қалада қазір тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілуде. Бүгінде Бозарық шағын ауданында 54 тұрғын үйдің құрылысы жалғасуда. Бүгін қала әкімі М.Әйтенов мегаполистің ауқымды құрылыс алаңына айналған аумақтағы жұмыстарды тексерді.

Бүгінде мердігерлер мұндағы 49 тұрғын үйдің, 9 нысанның инженерлік инфрақұрылым жүйелерінің құрылыс жұмыстарын атқаруда. Жоспар бойынша жыл соңына дейін 5 нысанның құрылысын аяқтау жоспарлануда.

М. Дүйсенбекұлы жауаптыларға мердігерлер жауапкершілігін арттыра отырып, жұмыстарды талаптарға сай орындап, нысандарды мерзімінде қолданысқа беру бойынша тапсырмалар жүктеді.

Айта кетейік, Ақжайық шағын ауданындағы 26 тұрғын үйдің құрылысы жоспар бойынша жыл соңына дейін басталатын болады. Жалпы жыл қорытындысымен 3040 пәтерлі 67 тұрғын үй пайдалануға тапсырылады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Кентау қала әкімі Жандос Тасов Хантағы ауылының тұрғындарымен кездесті

admin

1000 медалей завоевали спортсмены Туркестанской области

admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІГІНДЕ ЖЕР СІЛКІНІСІНЕН САҚТАНУҒА АРНАЛҒАН АУҚЫМДЫ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТТІ

admin