2023 жылдың 10 қараша күні Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты «Мерей» бөбекжай-бақшасының логопед маманы Толеш Баян «Педагогикалық идеялар понарамасы» «Ерте сауаттылық» бағыты бойынша байқауда І орынды иеленіп, Республикаға жолдама алды.
Тақырыбы: «Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілін дамыту кезеңдері».
Мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілін дамытуда ойын түріндегі тапсырмалар мен әртүрлі әдіс- тәсілдерді қолдана отырып, баланың ірі және ұсақ қол моторикасын дамыту, ойлауын, есте сақтауын, қиялын дамыту, зейінін тұрақтандыру, сонымен қатар, АКТ- ны қолдана отырып, суреттерге қарап сөйлем құрау, шағын әңгімені мазмұндай білуге дағдыландыру.
Күтілетін нәтиже: жалпы танымдық қабілеттері яғни есте сақтауы,ойлауы,қиялы,сөйлеуі дамиды. Зейіні тұрақталады. Жолақшалармен жүру арқылы ірі моторикасын дамиды,кеңістікті бағдарлай біледі.Нейрогимнастикалық жаттығулар арқылы ұсақ қол моторикасы дамиды. Графамоторика арқылы ирек, түзу,қисық сызықтарды сызуға дағдыланады.
