Шардара: қызылшаға қарсы штаб отырысы өтті

Қызылша жұқпалы ауруының алдын алуға байланысты штаб отырысы өтіп, нақты жұмыс жоспарлары бекітілді.

Аудан бойынша  қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы қосымша жаппай иммундау жүргізуге жоспарланған балалар саны 5597.Сонымен қатар медицина қызметшілеріне де қызылшаға қарсы екпе егіледі.

Эпидемиологтар қызылшадан сақтану үшін жеке гигиена ережелерін сақтау, қолды мұқият жуу, жиі таза ауада серуендеу, нашар желдетілетін үй-жайларда өткізілетін сауда-ойын-сауық кешендері, мәдени-бұқаралық іс-шаралар сияқты адамдар көп шоғырланатын жерлерге баруға өзін-өзі шектеу маңызды екендігін ескертті.

Сондай-ақ, аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиев бастаған қызылшаға қарсы күрес штабы аудандық орталық ауруханасына барып, жұқпалы аурулар бөлімшесіндегі жатақжайларды көріп, қажетті дәрі-дәрмек қорын саралады.

Штаб мүшелері халық арасында қызылшаға қарсы вакцинация жүргізу бойынша кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізу керектігін алға тартып, эпидемиологтар жұқпалы ауруды еңсерудің бірден-бір жолы вакцина егу екенін айтты.

ПІКІР ЖАЗУ