Түлкібас: “Педагогикалық идеялар понарамасы” байқауынан республикаға жолдама

 2023 жылдың 10 қараша күні  Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты “Мерей” бөбекжай-бақшасының логопед маманы Толеш Баян “Педагогикалық идеялар понарамасы” “Ерте сауаттылық” бағыты бойынша байқауда І орынды иеленіп, Республикаға жолдама алды.

Тақырыбы: “Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілін дамыту кезеңдері”.

Мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілін дамытуда ойын түріндегі тапсырмалар мен әртүрлі әдіс- тәсілдерді қолдана отырып, баланың ірі және ұсақ қол моторикасын дамыту, ойлауын, есте сақтауын, қиялын дамыту, зейінін тұрақтандыру, сонымен қатар,  АКТ- ны қолдана отырып, суреттерге қарап сөйлем құрау, шағын әңгімені мазмұндай білуге дағдыландыру.

Күтілетін нәтиже: жалпы танымдық қабілеттері яғни есте сақтауы,ойлауы,қиялы,сөйлеуі дамиды. Зейіні тұрақталады. Жолақшалармен жүру арқылы ірі моторикасын дамиды,кеңістікті бағдарлай біледі.Нейрогимнастикалық  жаттығулар арқылы ұсақ қол моторикасы дамиды. Графамоторика арқылы ирек, түзу,қисық сызықтарды сызуға дағдыланады.