Түлкібас: аудан аумағында жаппай сенбілік өтуде

Таңғы 9:30-дан бастап аудан әкімдігінің мамандары бастаған мемлекеттік мекеме қызметкерлері аудан аумағындағы көше бойларын, саябақ пен аллеяларды, арық-атыздарды күл-қоқыстан тазартып, ортақ үйіміздің тазалығына өз үлестерін қосуда.

Бүгінгі сенбілікке аудан әкімдігіне қарасты бөлімдер мен округтерден 600-ге жуық маман мен ақылы қоғамдық негіздегі жұмысшылар ат салысуда.

Сонымен қатар аудан аумағындағы басқа да мекемелер өздеріне тиесілі аумаққа тазалық жұмыстарын жүргізіп, сенбілікте белсенділік танытты.

Құрметті аудан тұрғындары!

Тазалық оны сақтаған жерде болатыны белгілі. Сондықтан, отбасыларыңызда және ұжымда тазалық мәдениетін сақтау бойынша насихат жұмыстарын жүргізуге шақырамыз. Ауданымызды көркейтіп, гүлдендіру және тазалықта ұстау баршамыздың ортақ міндетіміз екенін ұмытпайық!

Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ