Түлкібас : “Адал ұрпақ” ерікті мектеп клубтарының аймақтық слеті өтті

Бүгін 2023 жылдың 22 қараша күні Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарында Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында 7-9 сынып оқушыларынан құралған «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының аймақтық слеті өтті. 

«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының аймақтық слеті А.Макаренко атындағы жалпы білім беретін мектеп базасында 17 мектептің  оқушылары арасында өткізілді. “Адал ұрпақ” ерікті мектеп клубының іс-шарасына өзім де барып қатысып, оқушыларға сәттілік тіледім.

«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының негізгі мақсаттары мен міндеттері: – жемқорлыққа төзбеушілікті нығайту бойынша ынталыларды мадақтау, жемқорлыққа қарсы сипатты шаралар ұйымдастыруға қатысу болып саналады.

 Аймақтық слеттар 23 қараша күні “Жанкент” жалпы білім беретін мектеп базасында, ал 24 қараша күні А.Асқаров атындағы жалпы білім беретін мектеп жанындағы спорт кешенінде өткізілмек. Ал іс-шараның қорытынды финалы 2023 жылдың 27 қараша күні “Жанкент” ЖББМ базасында өткізіледі.

ПІКІР ЖАЗУ