Сарыағаш: Аудан әкімі Арман Абдуллаев әр екі апта сайын құрылыс алаңында

Аудан әкімі Арман Абдуллаевтың жұмыс жоспарына сәйкес әр екі апта сайын құрлыс жұмыстарының басында болып, құрылыс қарқыны мен сапасын тексеру жоспарланған.

Осыған орай, бүгін аудан әкімі Сарыағаш қаласында заман талабына сай келетін «Кәріздік тазарту қондырғысының» (КОС-3) құрылыс жұмыстарына арнайы барып, өнімділігі тәулігіне 3400 т.м. кәріздік тазарту ғимаратының  тазартылып шыққан суға арналған құбырының құрылыс жұмыстарымен танысты. 

Қазіргі таңда, биореактор қабырғалары тұрғызылып, судың шығу құбыры (отводящие) диаметр 280 ПЭТ жерді қазып 7,2 шақырым орнатылды. Резервуар накапитель қабырғасы көтеріліп, өрт резервуары толық аяқталған. Сондай-ақ, электр желісі 10 кВа толық тартылды.

Құрылыс жұмыстарының барысын саралаған  аудан басшысы мердігер мекеме өкіліне құрылыс нормативтерін сақтай отырып,сапалы және мерзімінде аяқтауды, сондай-ақ жауапты бөлім  басшысына   жұмыс барысын баяндауды жүктеді. Осы  орайда, өз жіті бақылауында болатынын ескертті.

ПІКІР ЖАЗУ