Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ӘлемЖаңалықтар

Трамп сауда соғысынан пайда тауып жатыр ма?

 АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social желісінде елдің рекордтық көлемде табыс тауып жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

АҚШ баж салығының арқасында рекордтық сома жинап жатыр. Бензин, азық-түлік және басқа да көптеген тауарлардың бағасы төмендеп келеді. Инфляция да азайып жатыр. Уәделер орындалды, — деп жазды ол.

Алайда, ақпан айындағы Ipsos және Washington Post сауалнамасына сәйкес, америкалықтардың 53%-ы Трамптың экономикалық саясатын құптамайды.

Одан бөлек:

  • 90%-дан астамы азық-түлік бағасына наразы;
    • 70%-ы бензин мен энергия құнын сынға алған;
    • 70%-ы баж салығы тауар бағасын қымбаттатып, америкалық жұмысшылар мен өндірушілерге зиян келтіреді деп есептейді.

Сәйкес жаңалықтар

Қазақстан Арменияға шығарылатын экспорт көлемін 350 млн долларға жеткізуге дайын – Президент

admin

Шымкенттің өнеркәсіп аймақтар құру тәжірибесі барлық өңірде қолданылады

admin

ШЫМКЕНТ: «Тұрлан» шағынауданында балалар ойын алаңшасы пайдалануға берілді

admin