Төлебиде оқушылар арасында профилактикалық жұмыстар жүргізілді
1 қыркүйек Білім күні қарсаңында Төлеби ауданында “Мектебім-мейірім мекені” салтанатты шарасына 5600-ден астам оқушы қатысты. Оның ішінде 2675-сі 1 сынып табалдырығын аттаған бүлдіршіндер.
Олардың қауіпсіздігі полиция қызметкерлерінің басты назарында. Бұл күні жергілікті, әкімшілік полиция қызметі бөлімшелері жеке құрамының бағыттары оқу орындарына жақын жерлерде орналастырылды.
Төлеби аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Мақсат Сейдуалиев, ювеналды полиция тобының учаскелік полиция инспекторларымен бірге профилактикалық әңгіме өткізу үшін аудан орталығында орналасқан № 7 ІТ мектеп-лицейінде сынып сағаттарына қатысып, білім күнімен құттықтады.
Сонымен қатар полиция мамандығының қоғам өмірінен алатын орны мен оның халыққа тигізер пайдасы жайлы ақпаратпен бөлісіп, оқушылар арасында профилактикалық жұмыстар жүргізді.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі