Төлеби ауданыныңәкімі діни ахуалды талқылау мақсатында ауданның бас имамын қабылдады

Төлеби ауданыныңәкімі діни ахуалды талқылау мақсатында ауданның бас имамын қабылдады

Төлеби ауданындағы діни ахуалды талқылау мақсатында ауданның бас имамы Үсен Мырзаханұлы Саурбаевты қабылдадым. Аудан аумағында тіркелген мешіттер саны 64, қызметкерлер саны 88. Аудан жастары мешітте діни сауатын ашып, кейіннен білімін жетілдіру мақсатында медресе, колледж, «Нұр – Мүбарак» университетіне жолдама алуда. Бүгінгі күнге дейін 617 шәкірт тәлім алса, оның 325 –і ер бала, 292 –і қыз бала. Діни сауатты жастар мешіттерге қызметке жолдануда.

Барлық мешіттерде үгіт–насихат бөлімі, жастар ісі секторы, әйел-қыздар секторы жұмыс істейді. Сондай-ақ, халықтың діни сауаттылығын арттыру бағытында әлеуметтік желілерде уағыз-насихат жұмыстары жүргізіледі. Бұған қоса, мешіт қызметкерлерін ынталандыру үшін шипажайларға, қажылыққа жолдамалар беріледі.

Мешіттерде түрлі қайырымдылық шаралар ұйымдастырылып, көмекке мұқтаж азаматтарға қолдау көрсетілді. Биыл 370 іс-шарада 1350 отбасыға 27 миллион теңгенің көмегі көрсетілді.

Қабылдауға келген бас имам Үсен Мырзаханұлы деструктивті діни ағымда жүрген азаматтарды қоғамға бейімдеу, жастарға дұрыс діни ақпарат беру, имамдарды әлеуметтік тұрғыдан қолдау, халыққа дін мен дәстүр сабақтастығын насихаттау барысы жөнінде әңгімеледі.

Қазақ – дәстүрінен, шариғаттан еш жаңылмаған халық екенін, ислам ынтымақ пен бірлік діні екенін ескеріп, 2023 жылы атқарылатын жұмыс жоспарын талқыға алдық.

 

 

ПІКІР ЖАЗУ