Төлеби ауданының негізі сипаты

 

Төле би ауданы — Түркістан облысының оңтүстік-шығысындағы әкімшілік бөлік. Жерінің аумағы 3,1 мың км² (облыстың 2,6%-ын қамтиды). 1932 жылы құрылған (1991 жылға дейін Ленгер ауданы). Аудан орталығы – Леңгір қаласы.

Жер бедері таулы, дөңесті жазық. Ең биік жері – Сайрам шыңы (4338 м). Шығысыңда Талас Алатауы, оңтүстік-батыста ӨгемҚаржантау (2500 м), Қазығұрт (1200 м) тау сілемдерінің бөктерінде орналасқан. Батысындағы жазықта және тау аңғарларында егіншілікке жарамды суармалы жерлер, жайылымдар, жеміс ағаштары кездеседі. Кен байлықтарынан қоңыр көмір, құрылыс материалдары өндіріледі.

Климаты континенттік, қысы жұмсақ, жазы ыстық, құрғақ. Қаңтардың орташа температурасы -3-9°С, шілде айында 24°-26°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері батысында 450 мм, шығысында 650 мм. Топырағы тауда қоңыр, сұр, жазықта саздақты. Дала өсімдіктерінен астық тұқымдас, ақселеу, жатаған, бидайық, беде, тағы басқа; тауда долана, арша, бадам, шырғанақ, итмұрын, тағы басқа өседі. Жануарлардан: қасқыр, аю, барыс, арқар, таутеке, сілеусін, тағы басқа; құстардан – бүркіт, ителгі, кекілік, ұлар мекендейді. Аудан жерімен Ақсу, Сайрамсу, Бадам (өзенде Бадам бөгені салынған) өзендері ағып өтеді. Аудан тұрғындарының орташа тығыздағы 1 км²-ге 34,6 адамнан келеді. Халқы көп ұлтты, негізгі бөлігі қазақтар 70% пайыздан, өзбектер, түріктер, әзербайжандар құрайды. Ірі елді мекендері: Ленгер қаласы, Первомаевка, Көксәйек, Сұлтанрабат, Қамшақ, Тоғыс, Ақжар, Зертас тағы басқа ауылдар.

Ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері бидай өсіруге (барлық егіс көлемінің 41,7%) маманданған. Мақсары (13,3%), арпа (3,1%), көкөніс (2,3%), картоп (1,9%) өсіріледі. Облыстағы жеміс-жидектің 18,0%-ын береді. Аудандағы ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің 30,0%-ын ет өндірісі, 17,5%-ын дәнді дақыл, 15,0%-ын сүт, 9,6%-ын көкөніс құрайды. «Фудмастер-Шымкент» компаниясы – сүт өнімдерін, «Ақмаржан» акционерлік қоғамы – ұн, жем, нан өнімдерін шығарады. Ұйық, тоқыма, тігін фабрикалары, машина жасау зауыты, «Оңтүстік мұнай-газ» ашық акционерлік қоғамы, Ленгер мұнай барлау скважиналарын сынау экспедициясы жұмыс істейді.

Аудан жерімен Ленгер-Шымкент темір жолы өтеді.

Тұрғындары 117 765 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар (69,32%), өзбектер (16,48%), орыстар (5,72%), әзірбайжандар (1,46%), күрдтер (1,32%), шешендер (0,54%), татарлар (0,52%), тағы басқа ұлт өкілдері (0,59%).

Алты ай қорытындысы бойынша жергілікті бюджетке салық және міндетті төлемдер бойынша 242,1 млн теңге орнына, нақты 294,3 млн теңге түсіп, жоспар 120,2%-ға немесе 48,8 млн теңге артығымен түсті. Контингент бойынша жоспарланған 434,5 млн теңге орнына, нақтылай 479,7 млн теңге түсіп, жоспар 110,4%-ға, немесе 45,2 млн теңгеге артығымен орындалды.

2006 жылдың 1 қазанына нақтыланған аудан бюджетінің салық түсімдері 392,6 млн теңгені құраса, 2007 жылдың 30 мамырына нақтыланған аудан бюджеті 654,4 млн теңгені құрап, 7 ай көлемінде өз табысымыз 66,7 пайызға ұлғайтылып немесе 261,8 млн теңгеге артығымен түсуі жоспарланған.

Салық базасын қайта инвентаризациялау нәтижесінде, 2007 жылдың 30 мамырында аудан бюджетінің кіріс бөлігі 154,0 млн теңгеге ұлғайтылды.

2007 жылы нақтыланған бюджеттің шығыс бөлігінің көлемі 2 693,1 млн теңгені құрап, оның ішінде білім саласының үлесі 71,7 пайыз немесе 1930,9 млн теңге, оның ішінде айлық жалақысы мен аударымдар 76,7 пайыз, немесе 1 481,8 млн теңгені құрады.

6 ірі және орта, 18 кіші және 9 қосалқы шаруашылықпен айналысатын кәсіпорындарда 358 адам жұмыс атқарып, олар жыл басынан 1124,4 млн теңгенің өнімі өндіріліп, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өсім 47,3 пайызға, немесе 361,1 млн теңгеге өнім артық шығарылды. Сонымен қатар біраз мекемелер өздерінің межелеген жоспарларына жетіп, жұмыстарын алға жылжытуда.

Ауылшаруашылық саласы аудан бюджетінің тұрақты табыс көздерінің бірі. Бүгінге егілген 22933 га бидайдың және 2296 га арпаның 6736 га жерінің астық орылды, орташа түсімдігі 14,7 ц/га айналуда. Астықты толық орынлғанда оның түсімділігі 22,6 центнерден келеді деп жоспарлаудамыз. Сонымен бірге ауылшаруашылық саласында жаңа технологияларды енгізу, атап айтсақ жылыжай, тамшылатып суғару, жаңа бау және жүзімдік егуді қолға алына бастады, бұл жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табуға жұмыс жасаймыз.

Ауданымызда жаңа шағым және орта кәсіпорындар бой көтеруде. Атап айтсақ олар: Момыный аулында орналысқан «Евротех» ЖШС күніне 7-8 мың қыш, Ленгір қаласындағы «Аққұм Астық» ЖШС күніне 26 тонна ұн шығару жоспарланып, бұл нысандар 2007 жылдың 3 тоқсанында қосылуы қарастырылуда. Зертас ауыл округіндегі «Тастық сай» ЖШС ашылып, бұл кәсіпорында болашақта күніне 10 тонна шағалтас өндіреміз деп жоспар құрып, келешекте асфальт зауытын ашуды жоспарлауда.

Алдағы уақытта ұсынылған бизнес жоспарлары негізінде Ленгір қаласы мен ауылдық округтердің елді мекендерінде минералды су шығаратын, көкөніс-жеміс жидек өнімдерін өңдейтін мини цехтар салу бойынша ұсыныстар түсуде.

Біздің аудан үшін туризмді дамытуға және оған жағдай жасауға мүмкіншіліктеріміз бар. Оған біздің табиғи және климаттық жағдайымыз толық мүмкіншілік береді.

Бүгінге аудан көлемінде тау бөктерінде орналасқан Тау самалы, Эдельвейс, Бәйшешек, Робинзон лагерлері жұмыс атқаруда. Одан басқа “Тау Самалы” ,”Эко виладж каскасу”, “Айнабұлақ” , «Альтекс» демалыс аймақтары, «Біркөлік» сауықтыру кешені, «Тау шаңғы базасы» туристік объектілері қызмет көрсетуде.

Қазіргі таңда «Алатау» шаңғы базасына қомақты инвестиция тарту мақсатында бұл нысан ауданының баланысына алынып, «Алатау» ЖШС шаңғы базасы болып жұмыс атқаруда, бұл демалыс аймағы жанындағы кезінде мақсатсыз беріліп кеткен жерлерді қайтарылып, ол жерлерге заман талабына сай демалыс орнына қызмет ететін нысандар салуды қолға аламыз.

Сонымен қатар аудандағы ең көрікті жерлердің бірегейі Балдыберек өзенінің бойында орналасқан Облыс орталығынан 70 км. жол , Балдыберек және Төңкеріс ауылдарының көркем табиғаты мен климаттық жағдайы жазғы және қысқы туризмді дамытуға өте қолайлы.

Ауданда 2007 жылдың 6 айында 1056,2 млн теңге инвестиция игерілді.

Облыстық бюджеттен 204,476 млн теңге игерілді. Атап айтқанда білім саласына, денсаулық сақтау саласына және елді мекен су құбырлары құрылысына.

Кәсіпорындар мен тұрғындар есебінен 575,2 млн теңге, тұрғын үй құрылысы мен басқаларға 573,2 млн теңге игерілді.

Білім беру саласы бойынша облыстық бюджет есебінен Жоғарғы Қасқасу мектебін аяқталуы үшін 2007 жылы 18,8 млн теңге бөлінді.

«Таза су» бағдарламасына сәйкес облыстық бюджет есебінен Алғабас елді мекеніне су құбыры құрылысын аяқтау үшін 2007 жылға 34,7 млн теңге бөлінді.

Ақжар елді мекеніндегі су құбырына қайта жабдықтау жұмыстарды аяқтауға 41,9 млн теңге бөлінген, игерілгені 31,1 млн теңге. Бұл нысандардың аяқталу мерзімі 2007 жылдың ІІІ-тоқсаны.

Ауданда елді мекендерді көгалдандыру, көркейту, абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстары бойынша біршама жұмыстар атқарылды, атап айтсақ: Панолар орнатуға 1,9 млн, ал билбордқа 839 мың теңге бөлініп, қала және ауыл округтеріне орналастырылды. Аудан бойынша 60 дана пано орнатылды. Оның ішінде 48 данасы бюджеттен, 12 данасы кәсіпкерлер есебінен.

Ленгір қаласында 1,1 млн теңгеге 7-аялдама, Қазығұрт ауылдық округі аумағындағы елді мекендерде 770 мың теңгеге 7 аялдама орнатылды.

Санитарлық тазалыққа 2,5 млн теңге қаралып, оған контейнер сатып алу, күл-қоқыс шығару, тұрмыстық қалдықтарды жою және қар тазалау жұмыстары атқарылады.

Аудан аумағындағы мектеп ғимараттарының құрылыстарына, күрделі және ағымдағы жөндеуге соңғы жылдары біршама көңіл бөлінуде. Құрылыс жұмыстары облыстық және Республикалық бюджет есебінен жүргізіліп келеді.

Республикалық бюджет есебінен 10,9 млн теңгеге құны 5,4 млн теңгелік мультимедиялық лингофон кабинеті М.Әуезов, Қ.Тыныбеков орта мектептеріне берілді.

Аудан мектептерінің бәрі компьютерлік жабдықталған, интернетке 65 мектеп қосылған.

Аз қамтамасыз етілген отбасы балалардың материалдық көмек көрсету мақсатында білім беру қорына 7,4 млн теңге бөлінді. Оған 320 оқушыға киім алып беру және 653 оқушыға ыстық тамақ ұйымдастыру жоспарланған.

Аудан бойынша 6 оқушы «Алтын белгі», 8 оқушы ерекше аттестат иегері болды.

Аудан бойынша бірыңғай ұлттық тесттің орташа көрсеткіші 74,47 алдыңғы жылмен салыстырғанда 116 пайызға өскен.

Жаз кезеңде жас өспірімдердің демалысы мен сауықтыруды ұйымдастыру үшін мектеп жанынан лагерлер құрылған. Сонымен қатар жағдайы нашар отбасы балалары мен жетім балаларды демеушілер есебінен жазғы сауықтыру лагерлеріне жібердік.

Денсаулық сақтау саласы

Денсаулық сақтау мекемелерінің бүгінге материалдық, техникалық базаларын нығайту, аудан халқына медициналық көмекті жақсарту мақсатында аудан аумағында бастапқы медициналық санитарлық көмек орталықтары мен отбасылық-дәрігерлік емханалары ашылып, жұмыс жасауда, сондай-ақ Көксәйек елді мекеніндегі аудандық ауруханада күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Денсаулық сақтау жұмыстарын алға жылжыту мақсатында Ленгір қаласының Самал мөлтек ауданында жаңа аурухана қалашығы салынып, нысан пайдалануға берілді.

Жер бедері

Төле би ауданының жер бедерінің құрылымы сатылы болып келеді – батысында ойпатты және жазық аймақтардан басталса, шығысы мен оңтүстігінде тау массивтерімен аяқталады. Жер бедерінің жоғарғы қабатының құрылымы мен оның көлеміне байланысты үш аймаққа бөлінеді.

Таулы аймақ

Аумағына Өгем және Майдантал таулары сілемдерінің жоталары мен қыраттары , үстірттері мен беткейлері , қырқалы мен құздары, сеңгір жалдары, т.б. жатады. Аймақтың оңтүстік -батысында Қазығұрт тауы сілемдеріне дейін созылады. Түркістан облысында теңіз деңгейінен есептегендегі ең биік абсолюттік нүкте Сайрам шыңы ауданының таулық аймағында , оның биіктігі 4238 м. , ал Қазығұрт тауының биіктігі 1768м.

Тау етегілік аймақ

Аймақ аудан аумағының 2/3 бөлігін қамтиды, оған Ақжар ауылдық округіне қарасты жер көлемі мен таулық аймақтан тыс барлық аумақ кіреді. Аймақ тау етегінен бастау алатын ірілі-уақты өзендердің , бұлақбастаулардың терең сай-салалары мен аңғарларын , ойпатты алқаптары мен жайылым-жайлауларын , тастақты жерлері мен құнарлы аймақтарын , т.б. қамтиды.

Жартылай шөлейтті- далалық аймақтар

Ауданның Ақжар ауылдық округіне қарасты аумақ пен шалғайдағы Алтынбастау, Көлбастау, Айкөл, т.б. аумақтары жатады. Аудан жер бедерінің алуан болуы ауданның ауа райының қалыптасуына , өсімдіктің өсіп жетілуіне, жан-жануарлардың өмір сүруіне , сондай-ақ аудан ауыл шаруашылығы мен өнеркәсібінің дамуына әсер етеді.

ПІКІР ЖАЗУ