«Төлеби ауданының 90 жылдығына» орай «Нашақорлыққа жол жоқ!» атты ұранмен кіші футбол, арқан тарту, кір тасын көтеру спорт түрлерінен аудандық спартакиада өтті

Төлеби ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен 2022 жылдың 22 желтоқсан күні Ленгір қаласының №6 мөлтек ауданындағы «Байтемір спорт кешенінде» «Төлеби ауданының 90 жылдығына» орай «Нашақорлыққа жол жоқ!» атты ұранымен Пробация қызметінде есепте тұрған азаматтар арасында кіші футбол, арқан тарту, кір тасын көтеру спорт түрлерінен аудандық спартакиада өтті. Жарыстың ашылу салтанатында Төлеби ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің мамандары М.Тасполатов, Ә.Қалықұл және Төлеби аудандық Пробация қызметі бөлімінің бастығы əділет майоры Б.Сарыпбеков спартакиадаға қатысушыларға сәттілік тілеп құттықтау сөздерін жеткізді.

Жарыс нәтижесі бойынша: Кіші футбол ойынынан I – орынды Сұңқар командасы, II – орынды Бүркіт командасы, III – орынды Барыс командасы жеңіп алды.

Арқан тартудан: I – орынды Сұңқар командасы, II – орынды Бүркіт командасы, III – орынды Барыс командасы иеленді.

Кір тасын көтеруден: I – орынды Бүркіт командасы, II – орынды Барыс командасы, III – орынды Сұңқар командасы қол жеткізді.

Командалық есепте: I – орынды Сұңқар командасы, II – орынды Бүркіт командасы, III – орынды Барыс командасы жеңіп алды.

Жарыс жеңімапаздары мен жүлдегерлеріне Төлеби ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің дайындаған кубок медальдармен және дипломдармен марапатталды.

Жеңіс тұғырынан көрініп жүлделі орындарға ие болған спортшыларды жетістіктерімен құттықтаймыз.

ПІКІР ЖАЗУ