Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғамҚұқық

TikTok-тағы арандату: Ұлттық араздық тудырған 11 адам жауапқа тартылды

 2025 жылдың ағымдағы кезеңінде ұлттық және діни араздықты қоздыру фактісі бойынша 11 адам сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Астана тұрғындарының бірі Тик-Ток әлеуметтік желісінде, тікелей эфирде әдепсіз сөздерді қолданып, басқа ұлтқа қатысты бұрыс пікір білдіріп, сол арқылы ұлттық негізде жанжал тудырған. Бұл әрекеттер Қазақстан Республикасы қылмыстық заңнамасы талаптарына қарама-қайшы болып келеді. 

Мемлекеттік айыптаушылармен сотталушылардың кінәсі толық дәлелденген, нәтижесінде олардың барлығына әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. 11 тұлғаға қатысты сот актілері заңды күшіне енді, — деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі. 

Прокуратура ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздырғаны үшін қылмыстық жауаптылықтың қарастырылатынын, 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде жаза кесілетінін еске салады. 

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан: «Түркістан таланттары» Келес ауданында

admin

Сарыағаш: апатты жағдайдағы көпірге жөндеу жұмыстары жүргізілуде

admin

ҚР АУМАҒЫНАН ТЫС ПАСПОРТТЫ ҚАЛАЙ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУГЕ БОЛАДЫ

admin