Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Демалыс күндері қар жауады

 Алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталып, кей өңірлерде жаңбыр, найзағай, бұршақ пен қатты жел күтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазгидромет болжамына сәйкес, алдағы үш тәулікте Қазақстанның көп өңірінде ауа райын атмосфералық фронттар айқындайды. Соған байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейіп, бұршақ пен дауыл соғуы ықтимал.

20 қыркүйекке қараған түні республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі.

Көптеген өңірлерде түнгі және таңғы уақыттарда тұман болады.

Ауа температурасының айтарлықтай өзгерісі болжанбайды. Дегенмен елдің солтүстік жартысында түнде 1-3 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін.

Сәйкес жаңалықтар

Түркістанда сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға арналған жиын өтті

admin

“Дәуірдің дүлдүл жыршысы” атты кеш өткізілді

admin

Түркістан облысында полиция жер қойнауын заңсыз өндірумен айналысқан адамдар тобын ұстады

admin