TikTok-тағы арандату: Ұлттық араздық тудырған 11 адам жауапқа тартылды

 2025 жылдың ағымдағы кезеңінде ұлттық және діни араздықты қоздыру фактісі бойынша 11 адам сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Астана тұрғындарының бірі Тик-Ток әлеуметтік желісінде, тікелей эфирде әдепсіз сөздерді қолданып, басқа ұлтқа қатысты бұрыс пікір білдіріп, сол арқылы ұлттық негізде жанжал тудырған. Бұл әрекеттер Қазақстан Республикасы қылмыстық заңнамасы талаптарына қарама-қайшы болып келеді. 

Мемлекеттік айыптаушылармен сотталушылардың кінәсі толық дәлелденген, нәтижесінде олардың барлығына әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. 11 тұлғаға қатысты сот актілері заңды күшіне енді, – деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі. 

Прокуратура ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздырғаны үшін қылмыстық жауаптылықтың қарастырылатынын, 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде жаза кесілетінін еске салады.