Тәжікстан мәдениеті күндерінің аясында «ПРИЗНАНИЕ САРАЗМА» филімі көрсетілді
Бүгін қаладағы сауда орталықтары бірінің кино залында Тәжікстан Республикасының “Саразма признание” филімі көрермендерге көрсетілді.
Фильм авторы – Шавкат Мухаммади және Тохир Асрориён.
Режиссеры – Рустам Сатторзода, оператор Шухрат Курбанов.
Фильм көне Саразмның 5500 жылдығына арналған. Саразм – біздің дәуірімізге дейінгі IV-III мыңжылдықтардағы неолит, қола дәуірлерінің егіншілік, қала құрылысы және басқа да қолөнер мәдениеті туралы сыр шертетін үлкен ашық аспан астындағы мұражай.
Ежелгі Саразм – шығармашылықтың, тарих пен өркениеттің, өнер мен сиқырдың, сондай-ақ адамзат тарихының көмескі тұстарының озық үлгілерін бейнелейді. Сондай-ақ Орталық Азия мен Таяу Шығыстың тарихы мен өркениетін ашық көрсетеді.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі