Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарСпорт

Қазақстандық кәсіпқой боксшы жеңістен айырылды

Қазақстандық ауыр салмақтағы боксшы Жан Кособуцкий (19-0, 18 КО) Талста (АҚШ, Оклахома штаты) өткен бокс кешінде жекпе-жекке қатысу құқығынан айырылды, El.kz ақпарат агенттігі Sports.kz порталына сілтеме жасап.

Торғайлық боксшы нигериялық Эфе Аджагбамен (17-1, 13 КО) жұдырық түйістірген еді. Бұл — қазақстандық спортшы мансабындағы ең үлкен жекпе-жекке баланды. 

Ауыр салмақтағы жекпе-жек он раундқа есептелгенімен қазақстандық спортшы ережені бұзғаны үшін төртінші раундта жарыстан шығарылып, жеңіс Эфе Аджагбаға бұйырды. 

Осылайша, Эфе Аджагба кәсіби мансабында он сегізінші рет жеңіске жетті, ал Жан Кособуцкий бірінші жеңілістің дәмін татты. 

Жан Кособуцкий WBC International нұсқасы бойынша хэвивейт чемпионы саналады. Ол бұған дейін IBO Inter-Continental белдігін жеңіп иеленген еді.

Сәйкес жаңалықтар

Құрметті Түркістан қаласының тұрғындары!

admin

Келесте пробация есебінде тұрған 9 азамат тұрақты жұмыспен қамтылды

admin

ШЫМКЕНТТЕ САПАЛЫ ЖОЛДАР ҮЛЕСІ АРТЫП КЕЛЕДІ

admin