Талап Қабденұлының өмір жолы жастарға – үлгі өнеге

Түркістан облысы полиция департаментінің үлкен мәжіліс залында жеке құрам қызметкерлеріне Ішкі істер органының құрметті ардагері, отставкадағы милиция генерал-майоры Талап Қабденұлы Қабденовтің өмір деректері туралы қысқа метражды деректі фильм көрсетілді. Отанға сүйіспеншілік, қызметтік борышқа адалдықты қалыптастырып, қызметкерлердің рухын көтеру мақсатында жасалған шараға департаменттің дербес, басқарма бөлімдерінің басшылары мен жеке құрамы қатысты.

Аталған шарада Талап Қабденұлының өмір жолы мен қоғам тыныштығын сақтауда атқарған жұмыстары баяндалды. Талап Қабденов орта және басшылық құрамының әртүрлі лауазымдарында 30 жыл шамасында қызмет атқарған.

Ішкі қызмет генерал-майоры Талап Қабденұлы Қабденов 1996 жылы (бүгін таңда ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы) Қостанай жоғары мектебін басқарды.

Қызмет атқарудағы жетістіктері үшін Талап Қабденұлы Үкімет және Ішкі істер министрлігінің атынан бірнеше рет марапатталды. Абыз ардагерге Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігінің Еңбек сіңірген қызметкері құрметті атағы берілді.

Талап Қабденұлы – өзін Отанға қалтқысыз қызмет етуге арнаған жан және өте еңбекқор адам. Ардақты ардагер, қызметте генерал Талап Қабденовтің бүгінде ізін жалғаған ұлы –Мұрат Қабденов генерал-майор департамент бастығы.

Бір отбасынан осылайша екі генерал шығып, қазіргі уақытта елге қалтқысыз қызмет көрсетуде.

“Генерал – шен емес, генерал – бақыт” деген сөз бар. Мансап жолыңдағы ең биік шыңды бағындыру – бақыт емей, немене?! Тәуелсіз елдің тірегіне айналған полиция саласындағы генералдардың, яғни бақытты жандардың қатары арта бергей!

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ