Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық түсіндіру жұмыстары өтті

Бүгін аудан әкімі аппараты заң бөлімінің ұйымдастырумен аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында «Аудан әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы» мемлекеттік мекеменің қызметкерлерімен жиын өтті. Жиынның мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық-түсіндіру.
Жиын барысында аудан әкімі аппараты заң бөлімінің басшысы Тілеубай Жұмабаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2022 жылғы 2 ақпандағы жарлығымен Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасы бекітілгенін және тұжырымдаманың негізгі бағыттарын түсіндіріп өтті. Құжатта ағымдағы жағдайға талдау жасалып, алдағы жылдарда шешілетін міндеттер айқындалған. Тұжырымдамада зардаптармен күрестен сыбайлас жемқорлықтың алғы шарттарын жүйелі түрде жоюға, жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз етуге, қоғамдық сананы түбегейлі өзгертуге бағытталғанын, елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы пәрменді тетіктерді қалыптастыру бойынша жүйелі шаралар қабылданып жатқандығын жеткізді.
Сонымен қатар, жиында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы бейнеролик көрсетілді.

Сәйкес жаңалықтар

Күзгі дала жұмыстарына жүргізуге Үкімет тарапынан бөлінген жанар-жағармай (дизель отынын) мәселесі кеңінен талқыланды.

admin

М.Әйтенов: Халыққа денсаулық күтімінде сауатты қимыл жасаудың жолдары түсіндірілуі керек

admin

Созақ: Таукент тұрғындары бір отбасыға баспана кілтін табыстап, қуанышқа бөледі

admin