Созақ: «үкіметтік емес ұйымдар – қоғам ұйытқысы» тақырыбында семинар-кеңес өтті

Бүгін аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Үкіметтік емес ұйымдар – қоғам ұйытқысы» тақырыбында семинар-кеңес өтті. Жиынға аудан әкімінің міндетін атқарушы Ақәділ Сатыбалды арнайы қатысып, жиынды жүргізіп отырды.

Қоғамдық ұйым өкілдерінің қатысуымен өткен жиында аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Ерлан Райымқұлов хабарлама жасап, қазіргі таңда қоғамдық ұйымдардың  рөліне тоқталып, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жобалары жөнінде жыл бойы атқарылған жұмыстарды баяндады.  Бірнеше жылдан бері белсенді жұмыс істеп жүрген «Созақ жастары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жандар Бекбергенұлы өзінің тәжірибесімен бөлісті.  Сұрақтарға жауап берді. Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша қоғамдық бірлестік төрағалары сауалдарын жолдап, ұтымды ұсыныстарын ортаға салды.

Аудан әкімінің міндетін атқарушы Ақәділ Болатұлы бүгінгі ұйымдастырылған семинардың негізгі мақсаты – үкіметтік емес ұйымдардың белсенділігін арттырып, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жобаларына қатысуға ынталандыру екендігін атап өтті.

– Азаматтық қоғамның дамуы мен қоғамдық ұйымдардың белсенділігін арттыру мәселелері әр кез күн тәртібінен түспек емес. Бүгінде мемлекет тарапынан үкіметтік емес ұйымдарға қамқорлық та ерекше. Жыл сайын гранттар мен әлеуметтік тапсырыс жобаларына тиісінше қаржы бөлініп келеді. Сондай-ақ халықаралық ұйымдардың да гранттары бар. Қазіргі таңда ауданымызда 21 қоғамдық бірлестік пен 2 қоғамдық бірлестік филиалы тіркелген. Әрбір ұйымның өзіндік бағыттарына сай атқарып жатқан жұмыстары бар. Бірқатар қоғамдық ұйымдар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс конкурстарына қатысып келеді,-деді.

Жиын соңында ауданымызда азаматтық қоғамды дамытуға атсалысып жүрген «Құлыншақ Кемелұлы атындағы шығармашылық кәсіптік бірлестік» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мыңжасар Асқаров, «Демеу» мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Бақыт Тұрсынқызы, Түркістан обылысынң «Асар» мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Созақ ауданындағы филиалының төрағасы Біржан Саржанов, «Созақ жастары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жандар Бекбергенұлына арнайы алғыс хат пен сый-сияпат табысталды.

ПІКІР ЖАЗУ