Созақ: қаржыгер экономистер арасында шахмат пен дойбыдан аудандық жарыс өтті

Ұлттық валюта- теңгенің айналымға енгеніне 30 жыл толуына және 15  қараша  –  Қазақстанның қаржы саласы  қызметкерлері  күніне орай, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен аудандағы бөлім, мекемелердің қаржы саласы мамандары арасында шахмат пен дойбыдан жарыс ұйымдастырылды.

Жарыстың ашылу салтанатында аудан әкімдігі экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ербол Айдарбеков құттықтау сөз сөйледі.

–Алғаш теңгенің айналымға енгені әлі есімде. Ол кезде қаржы саласында басшылық қызметте едім. Аудан бойынша 1 млрд астам рубль жинап, теңгеге айырбастаған болатынбыз. Сол кезде Ираннан қазақтар елге оралып, ауданға көшіп келген. Олар да төл теңгемізді көріп қатты қуанды. Шынында бұл біздің тәуелсіздігімізді нығайтудың бір нышаны еді. Ерекше тарихи оқиға болды», – деді.

Жарысқа ардагер спортшы Жолдасбек Талымұлы бас төрешілік жасады. Шахматтан аудандық жарыста  І орын алғаны үшін – Созақ ауданының мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Бекарыс Бақтиярұлы Қожахметов, ІІ орын алғаны үшін – Созақ ауданының білім бөлімінің бас маманы Әділет Жандосұлы Жаңбырбай, ІІІ орын алғаны үшін – Созақ ауданының орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің экономисті Таңшолпан Есенгелдіқызы Тұяқбаева арнайы дипломмен және ақшалай жүлдемен марапатталады.

Сондай-ақ, Ұлттық валюта – теңгенің  айналымға енгеніне 30  жыл  толуына  және  15  қараша  –  Қазақстанның қаржы саласы  қызметкерлері  күніне орай  өткізілген дойбыдан аудандық жарыста, І орын алғаны үшін – Созақ ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің бас маманы Мағжан Байділдаұлы Жартай, ІІ орын алғаны үшін – Созақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мемлекеттік сатып алулар жөніндегі маманы Мұхат Махмұдұлы Балаубеков, ІІІ орын алғаны үшін – Созақ ауданының Жастар Ресурстық Орталығының бухгалтері Кенже Балтабекұлы Абдрахманов арнайы дипломмен және ақшалай жүлдемен марапатталады. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін аудан әкімі Мұхит Сексенбайұлы марапаттады.

ПІКІР ЖАЗУ